- Мен сізге өкпе сақтамаймын.
Қыз тағы да аз-кем ойланды. Кенет кілт тіктеніп алды.
- Онда не, олай болса тіптен жақсы, - деді ол - Маған бүл алда сабақ. Ол сіз үшін оншалық қайғы да болмапты ғой. Бұл жайында енді жететін шығар.
- Сіздің ойлағаныңыз болсын. Менің шер-мұңыма бұрынғыдай қазір де селқос қарайтын сияқтысыз ғой.
- Жолыққанша, - дейді қыз. - Жолыққанша.
- Жолыққанша, - деді бүл
Әрқайсы оз жолымен тарасты. Ол тоқтап, артына бұрылды. Міне, ол келе жатыр. Бұл қолын созып, оның сыртынан естілер-естілмес етіп: "Мен сізге өкпе сақтамаймын, жо-жоқ, ешқашан сақтамаймын. Мен сізді сүйемін", - деп сыбырлады.