bookmate game
kk
Free

Оралхан Бокей. Текетірес

  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    Ең, әуелі адамды адамдардан қорғайтын қоғам құру керек-ау, халайық!
  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    ащыны да, тұщыны да, сый-сияпат мақтау, даттауларды тірі кезінде естіп, көргені үзір-ау... Ал, тас ескерткішке айналған шақта басына қойылған гүлдің, аяғына жазылған сөздің керегі не?
  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде осы орманда үлкендігі осы театр үйіндей барабан пайда болыпты. Дүңкілдеген даусы жер жарып, айбаттанғанда ормандағы жан біткеннің жүрегі жарылып өліпті. Содан бері қоян тұқымы азып кеткен екен. Ал, ол бейбақтар дүңкілдеген барабанның іші қуыс екенін білмепті-ау. Қоян жүрек болмау үшін, не нәрсенің де ішіне үңілу ақыл.
  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, тым ертеде де емес, бір әйелдің күйеуі соғысқа аттанады. Төрт жыл соғысып, үйіне есен-сау оралған солдаттың өзі кеткендегі бір баласы үшеуге жетіпті. Сонда әйелінен бұларды қайдан таптың деп сұрағанда, келіншегі: «Біреуі өзің кеткенде іште қалған, екіншісін емшек сүтіммен көтердім, ал үшіншісін... үшіншісінің қайдан пайда болғанына апам да аң-таң, мен де аң-таңмын»,—депті әлгі дүзқара қатын. Ха-ха-ха... (Тауды басына көтере мәз болып күледі.)
  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    Қаратан. Адамдардың бір-біріне деген сенім-сүйіспеншілігі уақыттан емес, уақиғадан туындайды.

    Ақтан. Ол рас. Сол іспетті жек көруін де балалататын уақиға.
  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    Делқұл. Ерте, ерте ертеде, тым ертеде де емес енді, бір данышпан айтқан екен: «Өзің жегенді итке де бере отыр, тіпті ол сені қапқан ит болса да», «Алтыны бардың кемтарлығы білінбейді», «Сіңірген еңбек табалдырықта қалады да, күдік пен күмән төрге шығады», «Адамдар алақандай батпақ үстінде бірін-бірі талап жеп жатқан жәндіктер сияқты» керемет емес пе?.. Ха-ха...
  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    Айгүл. «Күлің шашылмасын»,—«күліңді шашып ойнайтын балаң болмасын»,— дегені. «Шалғының басылмасын»,— дегені —«Есігіңді жан адам ашпасын, сіздің үйге келер жолға шөп өсіп кетсін»,— дегені.
  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    Айгүл. Әкем айтып отыратын, қазақтың ең жаман қарғысы: «Күлің шашылмасын, шалғының басылмасын»,— деп. Осы қарғысқа жолықсын.
  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    күннің балалары әлде өтірік, әлде шын әңгіме айтып, бейуақытта жас қиялын тербейтін өтірікші шалдар азайған сайын қатыбастанып, хатқа жүйрік болғанымен, жаны күйрек болып барады-ау. Қазіргі балаларды біз білімге үйретеміз, бірақ табиғи сезімдерге тәлімдемейміз. Сондықтан да ой-өрісі өсіп, сезім түйсігі бықсып барады. Сондықтан да қатал, аяушылық, аялаушылық қасиеттен жұрдай. Адам еш нәрседен, ешкімнен қорықпаса — кісі өлтіру ғана қалмай ма? Бойынан адалдығы, адамдығы жоғалмай ма?
  • Arai Galimjanovnaidézett4 évvel ezelőtt
    Ақтан (қызға). Жақсы айттың, қызым. Ең әуелі адамдар жүрегіне жол салуды үйрену керек.
fb2epub
Húzza és ejtse ide a fájljait (egyszerre maximum 5-öt)