bookmate game
kk
Free
Бақытгүл Бабаш

Сағыныш қалды көзімде...

  • Дана Жаңбырбаеваidézett5 évvel ezelőtt
    Сен де бір кез менен артық көргенсің,
    Боталаған басқа қыздың көздерін...
  • b1157720603idézett3 évvel ezelőtt
    Жаным-көкте,
    Жерде жүрген құр сүлдем.
  • Аруна Сегізбайidézett5 évvel ezelőtt
    Сіздей мені сағынатын жоқ ешкім,
  • Дана Жаңбырбаеваidézett5 évvel ezelőtt
    Тағдырдың отына күймеген шынармын. Жаныма болады сыңар кім? Дүние-дүрмекті бір сәтте ұмытып, Мен бұлай ешкімді сүймеген шығармын?!. Ақ бұлтпен астасып арманның аспаны, Аяулы шақтарым бақытқа бастады. Біз кешкен бал сәтті бұрын да сезініп, Сен сүйіп көріп пе ең басқаны???
  • Дана Жаңбырбаеваidézett5 évvel ezelőtt
    Мен оның жырымын жатқа оқыр, Ол - менің ең ұлы ақыным! Жалғыздық жұп болып жаныма, Жаутаңдап қараймын арыма. Жүк артқым келмейді жүрекке. Жоғалтқым келмейді тағы да...
  • Дана Жаңбырбаеваidézett5 évvel ezelőtt
    Білмеймін, бағым ба, сорым ба, Шарқ ұрдым шаттанар шағымда. Шарадай басым жүр шайқалып, Беймаза бір әуен жанымда. Тағы да құсалы мынау күн, Мұң жапқан жанарын мұнармын. Мен сірә тап осы кейпіммен, Жынданып өлетін шығармын!
  • Дана Жаңбырбаеваidézett5 évvel ezelőtt
    Енді ғана ұқтым бәрін, Енді ғана түсіндім - Жанарыма шық тұнғанын, Тағы теріс жорылғанын түсімнің. Құзар шыңға балағаным, Құлатқанын көз жетпейтін биіктен. Лайланып тұма-жаным, Жер бауырлап жылағаным, Жүрегімді қорғай алмай, Күйіктен. (Кеше ғана сүйікті ем...). Кештеу келген ақылым ба, Жатқа айналған жақыным ба, Айыпты? Неге іздедім адалдықты адамнан, Неге күттім жердегі жоқ ғайыпты? Жанымды орап азапты ойға, Көңілімнің көк кептерін ұшырдым. Тәңірім-ау, тозақ қайда, Өртенейін қателігім үшін мың. Ішім-от та, сыртым-жалын, Енді ғана ұқтым бәрін. Енді ғана түсіндім...
  • Дана Жаңбырбаеваidézett5 évvel ezelőtt
    Сендей болып аялады мені кім,
    Мендей болып саялады сені кім?
    Мағынасыз күндерімнен мән ұғып,
    Көктен түскен күміс шыққа малынып,
    Өтем, жаным,
    Қысқа ғана ғұмырымда, өзіңді,
    Әлемде жоқ ақ сезіммен сағынып...
    Сабағыма Тәңір сызған сөзім бұл:
    Мен – гүл едім, күлтесі аппақ, көзім – нұр,
    Бақ қыламын десең-дағы өзің біл,
    Лақтырамын десең тағы - өзің біл,
    Жаным!!!
  • Дана Жаңбырбаеваidézett5 évvel ezelőtt
    Аппақ Айдың сынығындай
    Жаны-нұр да, бағы-жыр,
    Беу, баянсыз махаббатым!
    (Елесіңіз есімді алып әлі жүр).
    Тәңір берген бір жүрекпен мыңға ынтық болсам да,
    Кешіңізші,
    Сізді сүйем бәрібір!!!
  • Дана Жаңбырбаеваidézett5 évvel ezelőtt
    Тәңір берген бір жүрекпен мыңға ынтық болсам да,
    Сізді сүйем бәрібір!!!
    Ұғынсаңыз,
    Сізді сүю – жанарымда нұр ойнау.
    Ардағым-ау,
    Ауыстырмас алтынға,
    Жадыңызда жаңғырам ба,
    Жапырақтан сыр іздеген
    Сол қияли қалпымда.
    Өмір мені өзгертті шын.
fb2epub
Húzza és ejtse ide a fájljait (egyszerre maximum 5-öt)