bookmate game
kk
Free
Сәбит Мұқанов

Аққан жұлдыз. І

  • Siko Orazovidézett8 évvel ezelőtt
    Бұл романның оқиғасы қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын аталатын көлдің, күнгей жақ қырқасында 1847 жылдық жазында басталды.
    «Айналасына ат шауып жете алмайды» дейтін, землемерлердің өлшеуінде «аңғарының аумағы алпыс километр» десетін, батысынан келіп құйылған Обаған өзені, шығысын жырып Тобыл өзені құятын бұл көлдің неліктен Құсмұрын аталуын «білемін» дейтін адамдар төмендегіше баяндайды.
    – Осы маңайдың, – дейді олар, – тауы, орманы жоқ, ұшы-қиыры жоқ, жап-жалпақ кең даласы көлге таяна бұйраттана бастайды да, аңғарға жақындай қырқаланып кетеді. Қырқаның күнгейіндегі биік дөң, батыс жақ беті «Ханжатқан» аталатын ойпатқа жақындай, жіңішкере беріп, темір ұстасының төсіндей сүйірленіп бітеді. Сағымды күндері алыстан қараған адамға, осы сүйір қонғалы келе жатқан алып құстың тұмсығына ұқсайды. Жұрт сол тұмсықты Құсмұрын атаған да, кел де солай аталып кеткен.
  • Gulya Kabilovaidézett5 évvel ezelőtt
    «Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінеді»
  • b3391976641idézett3 évvel ezelőtt
    қыран құс қисық ұшып түзу ілер»
  • b3391976641idézett3 évvel ezelőtt
    Күнге күле қарасаң, көйлегіне жамау сұрайды»
  • Дана Досмагамбетоваidézett4 évvel ezelőtt
    – Жоқ, апа... – дей берген Шыңғысты Айғаным жаққа тағы да тартып қалмақ болғанда, баласы бұғып үлгерін, шешесінің қолы жерге тиді. Сол кезде, әлгінде тараған ашуы бойына тағы торлана бастаған Айғаным:

    – «Алмайсың» деген соң, алмайсың! – деп жерді жұдырығымен үш түйді. Сонда, Шыңғыстың еркектігі ұстай кетіп:

    – «Алам» деген соң, алам, апа! – деді.

    – Не дейсің? – деп бетін бұрған шешесінің түсін байқаса, мана шапалақпен соққан қалпына келіп, әлем-тапырық бола қалыпты. Шыңғыс жасқанып үлгермей, қанжарлы қолын биік көтерген Айғаным, – өзіме салайын да! – деп сілтей бергенде, қалайша шап беріп ұстай алатынын Шыңғыстың өзі де аңғармай қалды.

    Шешесінің қолы аса қарулы екенін, Шыңғыс сонда ғана білді. Үші киіміне ілегіп үлгерген қанжарды кейін қайтару Шыңғысқа ете ауыр соқты. Қанжарлы қолға бір қалыңын шамасы келмеуін байқаған ол, екі қолымен ұстады. Аңқайып қалған қолдың, сонда қайысар түрі жоқ, ол шегінудің орнына сұғынып барады. Сөз тыңдаудың орнына жаралы жолбарыстай ыңыранып «жіберер!» дей береді.

    Шыңғыс жанталасты, өйткені мына түрімен, мына қимылына қарағанда, шешесінің өзін-өзі жарып тастауына күмән жоқ. Шешесіне тілінің де, қолының, да күші жетпеуін аңғарған Шыңғыстың тұла бойынан мұздай тері кетті де:

    – Апатай-ай, айтқаныңды істейін! – деп жылап берді. Сонда ғана сірескен қол босаңсығандай боп:

    – Рас па? – деді Айғаным.

    – Рас, апажан!

    – Атаңның аруағымен ант ет, ендеше!..

    – Ат-там...

    – Атын ата!

    – Атам, Абылайдың...

    – «Аруағымен ант ішем!» деп ант ішем...

    – «Аруағымен» де!..

    – Аруағымен!..

    Қанжарлы қолын жерге түсірген Айғаным, оң қолмен омырауына тықты да, былғарымен қаптаған, үлкендігі бір нәрсені суырып алды. Не екенін Шыңғыс біле қойды: «Әулие атам Мекеден әкелген, Мединеде пайғамбарымның зиратына шырақшы болып тұрған имам сыйлапты, атам сыйлады» дейтін бұл құранды Айғаным тұмар ғып ішкі төс қалтасынан тастамайтын.
  • Berik Umbetovidézett5 évvel ezelőtt
    Шежірешілер орданың арғы негізін, монғол Шыңғыс ханның ордасына апарып жалғастырады. Ол Шыңғысты дәріптеушілер: «адамнан емес, күн нұрынан жаралған екен деген ертегі таратып, екінші атын «Күншуақ» қойып кеткен.

    – Күншуақ көтерген орданың қара шаңырағы, – деді шежірешілер, – ол өлгеннен кейін үшке бөлініп. Еділ бойында «Алтын орда» аталғаны үлкен ұлы – Жошы Самарқанда «Көкорда», аталғаны ортаншы баласы. — Шағатайға, Пекинде «Ақ орда» атанғаны кіші баласы – Төлеге берілген екен. Біз сипаттағалы отырған Шыңғыс Уәліұлы Жошыға жатады. Жошы өлгенсін, «Алтын орда»: Қырым, Астрахань, Қазанның ханы, Жошы ұрпағы – Жәнібек, қазақша Әз-Жәнібек. Біздің Шыңғыс соның ұрпағы. Одан кейінгі аталары – он жетінші ғасырда қазақтар хан болған еңсегей бойлы Ер - Есімге одан, он сегізінші ғасырда қазақтың орта жүзіне хан болған Абылайға, одан, Абылайдың орнына хан болған Уәліге соғады.
  • Асельidézett2 évvel ezelőtt
    «Өз қорлығыңнан жат қорлығы жақсы»
  • b3540749567idézett2 évvel ezelőtt
    Сондай қимылдарында талайларды жаралап, талайларды талдырып, мертіктіріп тастағандары бар.
  • b6800581266idézett2 évvel ezelőtt
    ғасыр бойына ыс шалғандықпен, ағашы жыл
  • b6520625476idézett2 évvel ezelőtt
    Олай деу себебі, – дейді білетін адамдар, – өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Сібір әкімдерімен жанжалдасқан, Орынбор әкімдерімен келісуде дәмесі болған Кенесары Қасымов Көкшетаудағы мекенінен іргесін сөгеді де, соңына ерген елді бастап Құсмұрын ойпатына
fb2epub
Húzza és ejtse ide a fájljait (egyszerre maximum 5-öt)