bookmate game
kk
Free
Сүйінбай Аронұлы

Өлеңдер

  • Канат Калиевidézett5 évvel ezelőtt
    БАСҚА МҮЙІЗ ШЫҚТЫ МА?

    Тілмен ою ойғанмын,

    Мақтаншақтың үстінен

    Жыртпай тонын сойғанмын.

    Би мен болыс, байлардың,

    Қожалар мен молданың

    Сыбағалы мүшесін

    Алдына тартып қойғанмын.

    Басқа мүйіз шықты ма,

    Талай базар базарлап,

    Алуан тойды тойладым.
  • Камка Дуйсенidézett6 évvel ezelőtt
    Жарға біткен жантақты,

    Жаннан кешкен нар жейді.

    Қиындықты қиналмай,

    Кешкен ерді нар дейді.

    Ақылы жоқ ер жігіт

    Ағайынды жат қылар.

    Ақылы бар ер жігіт

    Жатты сыйлап дос қылар.
  • kaptagayevidézett8 évvel ezelőtt
    ҚАЖЫЛАРҒА
    Ысқақ, Ыспан кешегі —
    Мекке барған қажылар.
    Кітабына жазмыштың,
    Бәрі - дағы жазылар.
    Меккеге жүрер кезінде
    Он сапар тілеп, бата алдың
    Қожа болып келген соң,
    Барымталап мал жиып,
    Ұры қажы атандың.
    Ағарыпты бұл күнде,
    Ұрлықпенен сақалың.
  • kaptagayevidézett8 évvel ezelőtt
    БАҚСЫҒА
    Ей, Елеміс, Елеміс,
    Киініпсің әлеміш.
    Бақсылықты қойсаңшы,
    Сенсіз де болар бір мәніс.
    Қолың толған салдырмақ,
    Сылдырмақ не тындырмақ.
    Сиқырлы адам болғансып,
    Айтасың аят былдырлап.
  • kaptagayevidézett8 évvel ezelőtt
    СҮЙІНБАЙДЫҢ ТӨРЕЛIГІ
    Бірде Албан, Дулат тайпалары Асы жайлауына таласып қалады. Албандар Дулатқа «Асыдан жайлау бермейміз» деп қарсы шығады. Көш тоналады. Ел барымталанып қалады. Дулаттың батыры Сыпатай жасақ жияды. Осы кезде Албан елінің төресі Тезек орыстың ұлығына сүйеніп, жиырма шақты әскер алып шығып, Сыпатайды ұстатады.
fb2epub
Húzza és ejtse ide a fájljait (egyszerre maximum 5-öt)